Бүгін, 14 қараша, әлемде Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні аталып өтеді. Бұл дата инсулинді алғаш жасаушылардың бірі Фредерик Бантингтің туған күнімен байланысты. Бұл күні мамандар әдеттегідей аурудың алдын алудың маңызын еске салады.
Диабеттің алдын алудың заманауи тәсілдері туралы Еуразия бірінші арнасының таңғы бағдарламасының тікелей эфирінде «Almaty Resort» шипажайының жоғары санатты эндокринолог дәрігері Дильбара Жақсыбекқызы Досалиева айтып берді. Дәрігердің айтуынша, аурудың алдын алуда дене салмағын бақылау, тұрақты физикалық белсенділік, дұрыс тамақтану және уақтылы медициналық тексеруден өту кіреді.
Тақырыптың өзектілігін Халықаралық диабет федерациясының (IDF) деректері де растайды: бүгінде әлемде шамамен 537 миллион адам қант диабеті диагнозымен өмір сүріп жатыр. Қазақстанда да диабетке шалдыққандардың саны артып келеді, қазір диспансерлік есепте 535 мыңнан астам науқас бар, оның ішінде 5,5 мың бала тіркелген.
Толық шығарылымды мына сілтеме арқылы көре аласыз https://www.youtube.com/