Басты бетТәуелсіздік сарайында Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы өтті

Тәуелсіздік сарайында Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы өтті

Тәуелсіздік сарайында Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы өтті

Бүгін Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумы өтті.

Дәстүрлі жиынға 2 мыңнан астам адам, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, салалық қауымдастықтар мен халықаралық ұйымдар өкілдері, инвесторлар, ардагерлер, сондай-ақ аграрлық сала мамандықтарында оқып жатқан студенттер жиналды.

Форум саланың өзекті мәселелерін талқылауға арналған алаң ғана емес, еңбек адамына құрмет көрсететін басқосу болды. Форумда Жұмысшы мамандықтары жылына орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан ауыл шаруашылығы саласының бірқатар еңбеккері мемлекеттік награда алды. Сондай-ақ «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы алғаш рет тапсырылды.

Толығырақ ақпаратты мына сілтемеден оқи аласыз https://www.inform.kz/