Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен Қытайдың Медиа корпорациясы (CMG) арасындағы келісім аясында жүзеге асырылып жатқан Silk Way Star алғашқы азиялық вокалдық байқауы аяқталуға жақын.
Финалдық шоу 22 қараша күні Jibek Joly телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Silk Way Star ауқымды музыкалық жобасына Азияның 12 елінен талантты өнерпаздар қатысуда. Олардың қатарында Әзербайжан, Армения, Грузия, Малайзия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Оңтүстік Корея бар.
Silk Way Star жобасының басты мақсаты – Азия елдері арасындағы мәдени диалог пен шығармашылық әріптестікті нығайту, жаңа есімдерді таныту және қатысушы елдердегі миллиондаған көрерменді ортақ музыка арқылы біріктіру.
Толығырақ ақпаратты мына сілтемеден біле аласыздар https://tengrinews.kz/