Басты бет«Бірлік» филиалының бастауыш партиялық ұйымы «Жас мамандар жәрмеңкесін» ұйымдастырды

«Бірлік» филиалының бастауыш партиялық ұйымы «Жас мамандар жәрмеңкесін» ұйымдастырды

2013 жылғы 20 маусымында Конгресс-холл ғимаратында «Жас мамандар жәрмеңкесі» өтті. Шараны «Нұр Отан» ХДП «Бірлік» филиалы ҚР БҒМ «Қаржылық орталық» АҚ бастауыш партиялық ұйымы «Жас Отан» жастар қанаты астаналық филиалы және Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасымен бірігіп ұйымдастырырды.

Бұл шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша және «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы шеңберінде өтті.

Жәрмеңкеге 60-тан астанм ұйымдар мен кәсіпорындар қатысты. Сонымен қатар, «Нұр отан» ХДП Саяси менеджмент мектебі, Астана қаласы тәжірибелі психологтар ассоциациясы, «Қасиет» психология орталығы, «Кәсіпқор» холдингі семинарларды өткізді. Ал, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ғылыми-педагогикалық, инженерлік-техникалық, медициналық  мамандар үшін ҚР Президентінің стипендиясы негізінде сынақ мерзімін өткізу шараларын ұйымдастырды.

Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» және «Жас мамандар резерві» сынды бағдарламалардың мобильді штабы да өз жұмысын жүргізді.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша, 100-ден астам адам жұмыспен қамтылды.