Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған «БҰҰ – 80: Фильтрсіз» атты фотокөрменің ашылуы өтті.
Көрме БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісінің кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырылған және ұйымның құрылғанына 80 жыл толуына орай өткізілетін мерейтойлық іс-шаралар легінің бір бөлігі болып саналады.
Экспозиция құрамында БҰҰ-ның бейресми әрі шынайы өмірін көрсететін 80 бірегей фото бар. Көрмеде әсерлі сәттер, дипломатиялық келіссөздер барысындағы шиеленісті сәттер мен өмірін бейбітшілік пен ынтымақтастық жолына арнаған адамдардың шынайы келбеттері көрсетілген.
Көрме туралы мына сілтемеден толығырақ оқи аласыздар https://qazinform.com/