Бүгін Медициналық орталыққа қарасты «Қарлығаш» балабақшасында мекеменің 15 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі білім берудің озық тәжірибелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Форумға Норвегия, Қатар, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Ресей және ЮНИСЕФ өкілдері, сондай-ақ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, жоғары оқу орындарының және әдістемелік орталықтардың мамандары қатысты.
Конференция барысында қатысушылар оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тәсілдерін, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және мектепке дейінгі білім беруге заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылады. «Қарлығаш» балабақшасының авторлық жобалары, соның ішінде «Бастау» бағдарламасы мен Eсoteam экологиялық жобасы ерекше қызығушылық тудырды.
Форум «Мектепке дейінгі білім берудің болашағы: сын-тегеуріндер, бағыттар, ресурстар» атты дөңгелек үстелмен аяқталды. Онда сарапшылар халықаралық әріптестіктің келешегін және мектепке дейінгі білім беруді дамытудың жаңа бағыттарын талқылады.
Қатысушылар конференцияда ұсынылған идеялар мен шешімдер туралы толығырақ мына сілтемеден оқи аласыздар https://egemen.kz/