Медициналық орталықтың Ауруханасында Паркинсон және Альцгеймер ауруларын ерте бастан анықтауға мүмкіндік беретін Фтордопа деп аталатын жаңа диагностикалық препаратты әзірлеуді бастады.
Ядролық медицина орталығының жетекшісі Айгүл Сәдуақасованың айтуынша, 2026 жылы Ауруханада осы бағытта ғылыми жоба іске аспақ. Қазір дені сау еріктілерге зерттеу жүргізілуде, сондай-ақ бұл жұмысқа Жапония, Германия, Малайзия, Швеция және Швейцариядан келген менторлар қатысуда.
Медициналық орталық қазірдің өзінде онкологиялық және басқа да ауруларды диагностикалау мен емдеуге арналған 10 түрлі препаратты шығарады. Бұл отандық өнімді кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.
Толығырақ Kazinform сайтынан оқи аласыздар https://www.inform.kz/