ҚР Президентінің Іс басқармасы ведомстволық қарасты ұйымдар қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында мамандардың теориялық және тәжірибелік білімін жаңарту үшін жоспарланған іс-шара жүргізді.
ҚР Парламенті шаруашылығы Инженерлік орталығының қызметкерлері Әнуар Әбішов пен Марат Қожахметов Алматы қаласында 2013 жылдың маусымның 3-і мен 7-сі аралығында оқу жүйесінен өтті.
Шара ұйымдастырушылары – АТ шеңберінде жоғары тәжірибесі бар Телекоммуникация академиясы (ТКА). Академия бүгінде әлемдік вендорлар курстар өткізетін және Cisco Systems, Microsoft, Hewlett Packard, Intersystems өнімдерін оқыту бойынша сертификатталған серіктес болып табылады.
«Инженерлік-техникалық» Акционерлік қоғамында қызметкерлерді мамандандырудың бір жылдық жоспары дайындалды. Мамандар «ANSI PMI PMBOK стандарты негізінде жобаларды басқару тәжірибесі», «Жобаларды басқарудағы ұжымдық жүйелер» сынды семинарлар мен тренингтер өткізеді.