ҚР Президенттік орталығының қызметкерлері Астанадағы Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясында көрнекті ғалым, ағартушы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған әдеби шара өткізді.
Іс-шараға қатысушылар Ш. Уәлихановтың өмірі мен еңбектері, қазақ және қырғыз фольклорын зерттеудегі еңбектері, сондай-ақ оның әйгілі экспедициялары туралы жан-жақты мағлұмат алды.
«Бүгінгі әдеби сағат бізге үлкен рухани серпіліс сыйлады. Шоқан атамыздың ғылымға деген шексіз қызығушылығы мен халқы үшін жасаған еңбектері бізге үлгі. Ол жас болса да, өз халқының тарихын терең зерттеп, әлемге қазақтың мәдениетін танытты. Біз де сол жолды жалғастыруға тиіспіз», – деді іс-шара қатысқан 11-сынып оқушысы Тәшім Нұрай.
Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыздар