ҚР Президент Телерадиокешеніне қарасты Jibek Joly телеарнасының эфирінен «Ең мықты» атты ерлік пен төзімділікке және рух мықтылығына арналған ерекше реалити-шоу көрерменге жол тартады.
Жобаға еліміздің барлық өңірінен келген жұмысшы мамандық иелері – шахтёрлер, теміржолшылар, металлургтер қатысады. Олар физикалық төзімділігі, мінезі, табандылығы және командалық жігері сыналатын түрлі сынақтардан өтеді.
Шоуды белгілі журналист Дина Төлепберген жүргізеді.
Көптен күткен «Ең мықты» реалити-шоуының тұсаукесерін өткізіп алмаңыздар. Эфир уақыты ертең, сенбі күні, сағат 18:45-те.
Жоба туралы толығырақ ақпаратты Jibek Joly телеарнасының ресми сайтынан біле аласыздар https://jjtv.kz/