Басты бетПрезидент Телерадиокешені ұйымдастырған Silk Way Star халықаралық байқауы жалғасуда

Президент Телерадиокешені ұйымдастырған Silk Way Star халықаралық байқауы жалғасуда

Президент Телерадиокешені ұйымдастырған Silk Way Star халықаралық байқауы жалғасуда

ҚР Президенті Телерадиокешенінде Silk Way Star халықаралық вокалдық шоуының алтыншы эпизоды өтті. Онда қатысушылар соңғы жылдардағы әлемдік хиттерді орындады.

Кезекті кезеңнен кейін жобада тоғыз орындаушы қалды. Алтыншы кезеңнің қорытындысы бойынша көшбасшылар - Қазақстан мен Өзбекстан өкілдері, олар тең ұпай жинады. Барлық алты апта нәтижесі бойынша жалпы көшбасшылықты қазақстандық әнші Alem сақтап қалды.

Шоу әр сенбі сайын «Jibek Joly» арнасында сағат 20:00-де, ал Silk Way арнасында 22:30-да эфирге шығады.

Миллиардтаған көрермен тамашалайтын Азиядағы алғашқы вокалдық байқау аясында бір сахнада 12 елдің өнерпазы бақ сынауда.

Байқау барысы жайлы мына сілтемеден толығырақ біле аласыздар https://kaz.inform.kz/