Басты бетҚР Президентінің Іс басқармасында отырыс өтті

ҚР Президентінің Іс басқармасында отырыс өтті

        2013 жылғы 13 маусымда ҚР Президентінің Іс басқармасында отырыс өтті.

         Отырысқа ҚР Іс Басқарушысының орынбасарлары, бөлімдер меңгерушілері, ведомстволар мен ведомстволық  қарасты ұйымдардың басшылары қатысты.

          ҚР Президентінің Іс басқарушысы Абай Бисембаев отырысты ашып, күн тәртібімен таныстырды. Аталмыш отырыста екі мәселе – көліктік қызмет көрсету және қызмет көрсетілетін объектілер мен іргелес  аумақтарды ұстақ тұру және пайдалану  талқыланды.

Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі Мұрат Айтенов ҚР Президентінің Іс басқармасы жүйесі бойынша транспорт қызметінің келешектегі дамуы туралы баяндады. Бұл баяндаманы талқылауға «ҚР Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы» РМК басшысы Алик Әшіров пен «Бүркіт» МАҚ» басшысы Денис Иванов ат салысты.

         Ведомстволық қарасты ұйымдар басқару бөлімінің меңгерушісі Қанат Ыдырысов қызмет көрсетілетін объектілер мен іргелес  аумақтарды ұстақ тұру және пайдалану өз баяндамасын оқыды.

ҚР ПІБ «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК директоры Ерғазы Инербаев және ҚР Парламенті шаруашылық басқармасының басшысы Бөрібай Князбаев кәсіпорындарда жүргізілген жұмыс жайлы әңгімеледі.

Сонымен қатар, талқылау барысында ведомстволық қарасты  ұйымдар басшылары өз пікірлерін білдірді.

Отырыстың қорытындысы бойынша, ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары Ерлан Баттақов аталған мәселелерді шешуге тапсырмалар берді.