Қазақстандық және финдік дәрігерлер асқазан ісігінің алдын алу шараларын талқылады.
ҚР Президенті Іс басқармасы Медицина орталығы «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ ««Gastropanel» диагностикалық әдісі бойынша асқазан қатерлі ісігінің алдын алуды анықтау» атты ІІІ ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Аталмыш іс-шара ҚР Президенті Іс басқармасының Медицина Орталығы мен финдік «Биохит» компаниясының Меморандумға қол қойылуының арқасында болды. Бұл ынтымақтастық техникалық қолдау, оқу, медициналық қызмет көрсетудегі қажетті өнім мен құрал-жабдықтың сапасын жоғарылатуды қамтамасыз етуге жол ашпақ.
«Gastropanel» диагностикалық әдісі мемлекеттік қызметкерлердің скринингтік бағдарламасының авиациялық жобасы бойынша ҚР Іс басқармасы Медицина орталығы орнатқан «Биохит» компаниясымен жетілдірілген. Скринингтік бағдарламаны енгізудегі мақсат – қатерлі асқазан ісігінің алдын алу мен өлім-жітімді азайту.
Бұл бағдарлама аясында ҚР Іс басқармасы Медицина орталығында 2012-2013 жылдары «Gastropane» әдісін пайдалану арқылы 834 адам тексеруден өткізілді. Тексеріс нәтижесі бойынша, бұл әдіс науқас үшін зиянсыз әрі ыңғайлы болып табылды.
«Gastropanel» әдісі асқазанның қалай жұмыс атқарып тұрғандығын білу мен асқазан ісігіне негізгі себеп асқазан ауруы – гастрит ауруымен ауыратын науқастарды табуға көмектеседі. Халықаралық сарапшылардың пікіріне сүйенсек, ескілікке негізделген диагностикалық әдістермен салыстырғанда, қаржылық шығын скринингті өткізу барысында 45%-ға төмендейді екен.