 
                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     
                                                                                                                                                                                                        Соңғы жылдары Қазақстандағы нейрохирургия саласы қарқынды дамып келеді. Нейроонкология және функционалдық нейрохирургия бағыттарына жаңа технологиялар енгізіліп, емдеу сапасы едәуір жақсарды.
Алматыдағы Ұлттық госпитальдің нейрохирургтары елімізде алғаш болып жетілдірілген микроваскулярлық декомпрессия әдісін тәжірибеге енгізді. Бұл тәсіл науқастардың тез сауығып, өмір сапасын жақсартуына айтарлықтай әсер етті.
Бұрын тек шетелде ғана жасалатын күрделі нейрохирургиялық оталар Қазақстанның өзінде  аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі клиникаларда жасалуда. 
Осы және өзге де сауалдарға Медициналық орталыққа қарасты Ұлттық госпитальдің нейрохирургия бөлімінің дәрігері, нейрохирург Мыңжылқы Сайлауұлы Бердіқожаев «Алматы» телеарнасына берген сұхбатында айтып берді.
Толығырақ мына сілтемеден біле аласыз https://www.youtube.com/
 
                            