Басты бет«Қараөткел» РМК Ұлттық бизнес-рейтингінің жеңімпазы болып атанды

«Қараөткел» РМК Ұлттық бизнес-рейтингінің жеңімпазы болып атанды

Ұлттық бизнес-рейтингінің Ұйымдастырушы алқасы 2011-2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы ұйымдарының жалпымемлекеттік рейтингін аяқтады.

«Қараөткел» РМК жасаған статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ел астанасындағы ұйымдар арасында 1 орын иегері «Міндеттемелік және белсенділік көрсеткіші» номинациясы бойынша және 3-орын иегерлері «Міндеттемелік және белсенділік көрсеткіші», «Пайдалылық көрсеткіші», «Өтімділік көрсеткіші» сынды номинациялар бойынша марапатталды.

Статистика мүшелері мен әдіскерлер көрсеткіштері (өнеркәсіптің сапасына баға беру, ресурстарды пайдалану, әлеуметтік салым, инвестициялық қызықтыру белсенділігі) бойынша, Ұлттық бизнес-рейтингі көрсеткен баға Қазақстан экономикасының нақты көшбасшылырын анықтайды. ҰБР Қазақстан нарығында 2013 жылдан бері Кедендік одақтың («Кедендік одақ хабаршысы») жалғасы ретіндегі «Нарықтық-өнеркәсіптік Қазақстан» халықаралық басылымының қолдауымен өз жұмысын бастады. Қазақстандық ұйымдардың 2011-2012 жылдар бойынша бірінші рейтингі Қазақстан Республикасы статистика агенттігі негізінде жасалған болатын.

Қазақстандық ұйымдарды бағалау нәтижелерінің толық тізімі шілде айында «Кедендік одақ хабаршысы» атты басылымда жарияланатын болады.

Ұлттық бизнес-рейтингі (жеке ұйым) Ұлттық бизнес-рейтингтері одағы қолдауымен құрылған.

Мәскеу қаласында тіркелген (Суворов к-сі 10А, www. nbr-rf.com ).

9 жыл ТМД нарығында.

Рейтингілер Ресейде, Украинада, Беларусияда және Қазақстанда жүргізіледі.