Республика күні қарсаңында ҚР Президентінің Іс басқармасы мен оған қарасты ұйымдардың қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыстау рәсімі өтті.
ҚР Президентінің Іс басқарушысы Асат Нұрпейісов іс-шараға қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, қызметкерлерге мемлекеттік наградаларды табыстады.
Адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін ҚР Президентінің Іс басқармасы мен оған қарасты ұйымдардың бірқатар қызметкері Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысына, «Құрмет» орденіне, «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағына және «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарына ие болды.