Президенттік орталықта «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігі: тарихы, бүгіні және даму келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияда Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларациясының қабылдануының тарихи маңызы, оның тәуелсіздікті қалыптастырудағы рөлі және қазіргі жағдайдағы ел дамуының басым бағыттары талқыланды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастық пен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қатысушылар шынайы егемендік мемлекеттің әлемдік зияткерлік және құқықтық күн тәртібіне қосқан үлесінен көрінетінін атап өтті.
Сондай-ақ, берік құқықтық жүйе тұрақты даму мен қоғам сенімінің негізі екені айтылды. Тәуелсіздік келешек ұрпақ алдындағы бірлік, әділеттілік және жауапкершілікті талап ететін қасиетті құндылық екені ерекше аталып өтті.
Толығырақ https://dknews.kz/