Елімізде мектепке дейінгі білім берудің заманауи моделі қалыптасып келеді. Балабақшалар бұдан былай тек тәрбиелеу орны ғана емес, балалардың дамуы мен инклюзиясын қамтамасыз ететін жаңашылдық орталығына айналуда. ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына қарасты және Оқу-ағарту министрлігінің Компетенциялар орталығы қызметін атқаратын «Қарлығаш» балабақшасы осы модельдің жарқын үлгісі.
«Қарлығаш» балабақшасы 15 жыл ішінде педагогикалық идеялардың нағыз зертханасына айналды. Мұнда STEAM-оқыту, сингапурлық математика және «Бастау» дамыту бағдарламасының элементтері енгізілген. Балабақша ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО және АҚШ-тың NAEYC ұйымдарымен әріптестік орнатып, халықаралық сапа стандарттарын отандық тәжірибеге енгізуде.
Жуырда «Қарлығаш» балабақшасы Perspective School инновациялық мектептер желісімен меморандумға қол қойды. Бұл келісім баланың дамуын балабақшадан бастап, жоғары сыныптарға дейін үздіксіз дамытуға мүмкіндік береді.
Ал қараша айында Астанада мектепке дейінгі білім берудің болашағы талқыланатын халықаралық конференция өтеді.
Бала тәрбиесіндегі тың бастамалар мен бұл саладағы «Қарлығаш» тәжірибесі жайлы Nur.kz сайтынан толығырақ біле аласыз.https://www.nur.kz/