«Almaty Resort» шипажайының аумағында Медициналық орталықтың ұйымдастыруымен Халықаралық Алма күні өтті. Іс-шараға қала тұрғындары мен өнерпаздар және қолөнер шеберлері қатысты.
Игі дәстүрге айналған бұл мереке алманың отаны саналатын көрікті Іле Алатауының баурайында ұйымдастырылуы тегін емес. Қонақтардың құрметіне әсем әуен мен түрлі тағамдар және алмадан жасалған тәттілер ұсынылды.
Шипажай ұжымы мыңдаған порция тағам және бір тоннадан астам жаңа піскен жеміс дайындады.
Біздің мақсатымыз адамдарға денсаулық, қуаныш пен шабыт сыйлау. Өйткені алма Алматының және молшылықтың нышаны, – деді шипажай директоры Гүлжанат Бұғыбаева.
Әсем Алматының дәстүрге айналған тамаша мерекесі туралы толығырақ Kazinform сайтынан оқи аласыздар https://www.inform.kz/