Басты бетПрезиденттік орталық ұйымдастырған әдеби байқау аяқталды

Президенттік орталық ұйымдастырған әдеби байқау аяқталды

Президенттік орталық ұйымдастырған әдеби байқау аяқталды

Президенттік орталық қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «IX Абай оқулары» әдеби байқауының жеңімпаздарын жариялады.

Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және алыс-жақын шет елдерден келген 400-ге жуық адам қатысты. 

Айта кету керек, биылғы байқаудың ең жасы үлкен қатысушысы – 96 жастағы астаналық, Ұлы Отан соғысының ардагері Любовь Шкурко болды.

«IX Абай оқулары» жыл сайынғы әдеби байқауының қорытындысы бойынша төмендегідей аталым иегерлері анықталды: «Асыл сөздің ардагері» – Любовь Шкурко, «Ең талантты қатысушы» – Мейірім Балмұқанова, «Абай сөзі әлемде» – Амина Абдуллаева, «Өнерпаз болсаң арқалан» – Тансу Жұмаш, «Үздік арнау» – Айнагүл Сәбитова, «Ең алғашқы өнерпаз» – Дарын Сәрсекеев, «Зейінді зейнеткер» – Қабдрашит Жапанов. 

Байқауда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жеңімпаздар:
І орын: Мұхаммедәли Оспанов;
ІІ орын: Нұрлан Мағжан, Нурай Гусейнова, Шахруза Анарметова;
ІІІ орын: Гусейнзаде Фуад, Алима Байбулатова, Милана Жолова.

Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз https://dknews.kz/