Аурухана десе, көбіміздің көз алдымызға дәрігерлер, дәрі-дәрмек пен түрлі аппараттар елестейді. Бірақ емнің нәтижесіне әсер ететін тағы бір елеусіздеу фактор бар — ол шудың деңгейі. Ол жай ғана көз мөлшермен өлшенбейді, арнайы санитариялық талаптарға сай, нақты аспаптармен өлшенеді.
Желдеткіштің дауысы, аппараттардың дыбысы, техникалық жүйелердің шуы — сырт көзге онша қатты естілмегенімен, ағза қалпына келіп жатқан сәтте, әсіресе жүйке жүйесі тынығуы керек түн мезгілінде мұндай фонның өзі артық салмақ түсіреді.
Санитариялық нормаларға сәйкес, палаталардағы шудың деңгейі күндіз 55 дБА-дан, ал түнде 45 дБА-дан аспауы тиіс. Градусник температураны қалай тіркесе, шу деңгейінің өлшемін дәл сол сияқты нақты анықтауға болады.
Осы талаптардың орындалуын қадағалау мақсатында ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Референс-зертханасы мамандары аурухананың палаталарында, зертханаларында, операциялық және өзге де бөлмелерінде аспаптық өлшеулер жүргізеді.
Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз kaznovosti.kz