Басты бетНейрохирургияның болашағы - роботтар, жасанды интеллект, 3D-баспа

Нейрохирургияның болашағы - роботтар, жасанды интеллект, 3D-баспа

Нейрохирургияның болашағы - роботтар, жасанды интеллект, 3D-баспа

Ұлттық госпитальда нейрохирургияның заманауи әдістеріне арналған шеберлік-сағаттары өтті.

Республикалық нейрохирургия орталығының жетекші мамандары Талғат Керімбаев пен Шыңғыс Нұриманов Паркинсон ауруын емдеуге және бел омыртқаға  ламинопластика жасау кезінде мидың терең стимуляциясына арналған (DBS) жоғары технологиялық ота жасады.

Нейростимуляторды имплантациялау мидың белсенділігін реттеп, ауру белгілерін азайтады. Ал ламинопластика жұлынға түсетін қысымды төмендетіп, омыртқаның орнықтылығын сақтауға мүмкіндік береді.

Талғат Керімбаевтың айтуынша, бүгінде нейрохирургия саласы аз инвазивті технологиялар, роботтандыру және жасанды интеллект бағытында қарқынды дамып келеді. Бұл үрдіс операциялардың қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырып, науқастарға түсетін жүктемені азайтады.

Толығырақ https://t.me/eurasia1tvkz/