Басты бетҰлттық госпитальда «Тромбоздар 2025» халықаралық конференциясы өтті

Ұлттық госпитальда «Тромбоздар 2025» халықаралық конференциясы өтті

Ұлттық госпитальда «Тромбоздар 2025» халықаралық конференциясы өтті Ұлттық госпитальда «Тромбоздар 2025» халықаралық конференциясы өтті Ұлттық госпитальда «Тромбоздар 2025» халықаралық конференциясы өтті Ұлттық госпитальда «Тромбоздар 2025» халықаралық конференциясы өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының Ұлттық госпитальында «Тромбоздар 2025» атты халықаралық конференция өтті. 

Іс-шара қан ұюымен байланысты ауруларды анықтау, алдын алу және емдеу мәселелеріне арналды.

Ұлттық госпитальдың директоры Асхат Бралов тромбоздың қазіргі медицинадағы өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл дертті зерттеу мен емдеуде кешенді және көпсалалы тәсілді қолдану аса маңызды. 

Конференция бағдарламасында жалпы отырыстар, секциялық басқосулар және баяндамалар өтті. Оларға Қазақстан, Ресей, Италия және басқа да елдердің жетекші мамандары қатысып, тромбозды анықтаудың, емдеудің және алдын алудың заманауи әдістері жөнінде ой бөлісті.

Баяндамашылар қатарында медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, жоғары оқу орындарының профессорлары, ғылыми орталықтардың және кәсіби қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ тәжірибелі қан тамыр хирургі, терапевт, кардиолог және гематолог мамандар болды.

Қатысушылар инновациялық технологияларды енгізу, емдеу хаттамаларын біріздендіру және клиникалық тәжірибемен алмасу мәселелерін де ортаға салды. 

Толығырақ https://qazaqstan.tv/