Басты бетБАҚ біз туралы

БАҚ біз туралы

ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН, 21.05.2013

Бірегей шипажай

Еліміздің 2011-2013 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты – медициналық мекемелерді соңғы үлгідегі технологиямен жабдықтау және де сол технологияны жетік меңгерген мамандарды даярлау. Бұл, түптеп келгенде, халықтың хал-ахуалын барынша жақсартуға бағытталған бағдарлама екендігінде шүбә жоқ.

Республикада әсіресе қан айналымы жүйесі ауруларының ішінде жүрек қан тамырлары дерттерінің кең тарағаны әрі өлім-жітімнің көбеюі қоғамды алаңдатып отырғаны белгілі. Соңғы жылдары жаңа технологияны енгізу, білікті мамандар даярлау нәтижесінде бұл аурулармен күрестің де қарқын ала бастағаны сезіледі. Жүрек-қан тамырлары ауруларының ішінде қоғамымызда ең көп кездесетін аурулар – стенокардия, атеросклероз, ишемия, микрокард инфарктісі  сияқты түрлері дендеп тұр. Қазақстан осы аурулар бойынша өлім-жітім жағынан ТМД елдерінің ішінде бірінші орында екен. Әрине, өкінішті…

Елімізде медицинаның осы заманғы диагностикалау және емдеу қондырғылары пайдаланылып, жаңа технологияларды игерудің нәтижесінде соңғы бесжылдықта онкологиялық аурулардың бір­шама тұрақ­талғанын атап өтуге болады.

Осы орайда, Қазақстан Рес­публикасы Президенті Іс бас­қар­­масының Медициналық орта­лығында көңіл сүйсінтер істер атқарылып, көпшілік тарапынан алғысқа кенелуде.

Медициналық орталық жү­йесінің қалыптасуы 1929 жы­лы басталған. Оның негізгі міндеттері – тіркелген құрамның денсаулығын нығайту және сақтау, санаторийлік-эпи­демиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйым­дастыру. Орталық құрамына кіре­тін ауруханалар медицинаның барлық саласы бойынша емдеу-сауықтырудың сан алуан қызметін көрсетеді. Медициналық орталықтың жү­йесіне Алматы қаласындағы ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханасы мен «Алматы» сана­торийі енеді.

Қазақстан Республикасы Прези­денті Іс басқармасы Меди­циналық орталығының «Алматы» санаторийі» АҚ-тың іргесі 1967 жылы қаланды. Ал 2010 жылы көп бағдарлы емдеу мекемесінен қонақүй, емдеу, т.б. қызметтерінің қазіргі заманғы талаптарына сай келетін шипажай ретінде қайта ұйымдастырылды. Шипажай Алматы қаласынан 3 шақырым қашықтықта. Іле Алатауының бөктерінде, теңіз деңгейінен 1052 шақырым биіктікте орналасқан. Курорт тыныс алу, ас қорыту, қан айналымы, жүйке жүйесі, несеп-жыныстық және сүйек-бұлшық ет жүйелерінің ауруларын емдеу мен оңалту бойынша қызмет көрсетеді.

«Алматы» сауықтыру СПА шипажайы қазіргі заманғы ме­дициналық құралдармен жаб­дықталған. Шипа­жай аумағында теннис корттары, ролик тебуге арналған және әмбебап спорт алаңдары  демалушылардың көңі­лінен шығып,  таза ауамен тыныстауына толық мүмкіндік бар.

Қазіргі уақытта Қазақстан Рес­публикасы Президенті Іс бас­­қармасы Медициналық орта­лығының «Ал­маты» санаторийін «Құрмет» орденінің иегері, Мем­­лекеттік сый­лықтың лау­реа­ты, Қазақстанның еңбек сіңір­­ген қайраткері, медицина ғы­лымдарының докторы, профессор Бекмахан Сыбанбайұлы Құрал­баев басқарады.

Ғалым ҚҰРАШ, ардагер журналист.

Источник: http://www.egemen.kz