Басты бет«Инженерлік-техникалық орталығы» акционерлік қоғамы сапа менеджмент жүйесі бойынша инспекциялық...

«Инженерлік-техникалық орталығы» акционерлік қоғамы сапа менеджмент жүйесі бойынша инспекциялық тексерісті өткізді.

2013 жылғы 14 -15 мамырда «Инженерлік-техникалық орталығы» Акционерлік қоғамы (ИТО  АҚ) іс-шаралар Жоспарының орындалуы барысында, «ИТО» АҚ-да ҚР СТ ИСО 9001-2009 талаптарына сәйкес, сапа менеджмент жүйесі бойынша инспекциялық тексеріс өткізілді.

Сапа –  ИТО АҚ стратегиясының негізгі элементі. 2012 жылғы мамырда ҚР СТ ИСО 9001-2009 талаптарына сәйкес сертификатталған сапа менеджмент жүйесі орындалған жұмыстың әр кезеңіндегі қызметтердің сапасын бақылауға мүмкіндік береді.

Аудит барысында СМЖ жұмыс істеуінде сәйкессіздік пен ескертулер анықталған жоқ. Сертификациялық аудит нәтижелері «Инженерлік-техникалық орталығы» АҚ әзірлеген сапа менеджментінің жүйесі ҚР СТ ИСО 9001-2009  талаптарына сәйкес келетінін дәлелдейді.