



Роботтандырылған хирургия Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының травматологтарының тәжірибесіне сенімді түрде еніп келеді. №3 хирургиялық бөлімшенің меңгерушісі, жоғары санатты травматолог Булат Искаковтың айтуынша, роботтық-ассистенция технологияларын енгізу операциялардың дәлдігін арттыруға, пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оңалту үдерісін жеделдетуге жаңа мүмкіндіктер ашады.
Маманның сөзінше, робот алдын ала операциялық жоспарға сәйкес имплантты аса жоғары дәлдікпен орнатуға мүмкіндік береді. Бұл қателік қаупін барынша азайтып, емдеу нәтижелерінің жоғары болуын қамтамасыз етеді. Мұндай операциялардан кейін пациенттер тезірек қалпына келіп, белсенді өмір салтына оралады.
Болашақта роботтандырылған хирургия Қазақстандағы травматология мен ортопедияның дамуының негізгі бағыттарының біріне айналмақ.
Толығырақ https://el.kz/