

Бүгін Парламентаризм институтында «Заң шығару қызметі: мемлекеттік тілді қолданудың өзекті мәселелері және әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кездесудің басты мақсаты – заң шығару үдерісінде қазақ тілінің қолданысын кеңейту және құқықтық пен әдістемелік сүйемелдеудің сапасын арттыру.
Институт директорының орынбасары Ляззат Сүлейменнің айтуынша, заңнама саласында мемлекеттік тілді дамыту – елдің құқықтық жаңғыруындағы маңызды бағыттардың бірі. Қатысушылар заң жобаларын бірден қазақ тілінде әзірлеудің қажеттілігін, ғылыми-лингвистикалық сараптаманы күшейтуді және бірыңғай терминологиялық базаны қалыптастыруды талқылады.
«Invest Decision» компаниясының президенті Джоэл Уитни Адамсон өз сөзінде мемлекеттік тілді білу – әрбір азамат үшін қалыпты нормаға айналуы тиіс екенін атап өтті.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар заң шығармашылығындағы тіл мәдениетін жетілдіру және құқықтық терминологияны дамыту жөнінде бірқатар ұсыныстар әзірледі.
Мемлекеттік тілді заңнамада кеңінен қолдану бағытында қандай шаралар ұсынылғаны және сарапшылар тіл саясатының одан әрі дамуын қалай болжайтыны туралы толығырақ ақпаратты ҚазАқпарат сайтынан оқи аласыздар.https://kaz.inform.kz/