
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында XVI Еуразиялық KAZENERGY-2025 форумы өтіп жатыр. Іс-шара 4 қазанға дейін жалғасады. Форумға әлемнің 50 елінен 2,5 мыңнан астам делегат жиналды. Қатысушылардың қатарында Қазақстан Үкіметінің мүшелері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ірі энергетикалық компаниялар мен ғылыми қауымдастықтың сарапшылары бар.
Форумның алғашқы күнінде саланың даму перспективалары, Орталық Азия энергетикасына инвестициялар, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану мәселелері талқыланды. Гендерлік теңдік пен энергетикадағы әйелдердің рөліне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы тарапынан әлемдік мұнай нарығының болашағына қатысты болжамдар ұсынылды.
Форум аймақ пен әлемнің жетекші компанияларының стратегиялық жоспарларымен алмасу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаңға айналды.
Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз https://rus.baq.kz/