Инсульт — адам өмірін түбегейлі өзгертіп жіберетін ең ауыр дерттердің бірі. Бұл аурудан кейін науқастар сөйлеу, қозғалу және өзін-өзі күту қабілеттерін жоғалтып, күнделікті өмір салтынан айырылып қалады. Дегенмен, дер кезінде басталған оңалту шараларының арқасында қайтадан белсенді өмірге оралуға болады.
Almaty Resort шипажайында инсульттан кейінгі оңалтудың кешенді бағдарламасы жасалған. Алдымен невропатолог пен реабилитолог науқастың жағдайын бағалап, жекелей ем жоспарын құрады. Әрбір науқастың қалпына келу қарқыны әртүрлі: біреуі тез оңалса, енді біріне көбірек уақыт қажет.
Бағдарлама физиотерапия, су процедуралары, жылумен емдеу, емдік дене шынықтыру, механотерапия мен эрготерапияны қамтиды. Қосымша түрде массаж бен ине салу терапиясы ұсынылады. Міндетті элементтердің бірі — терренкур, яғни денсаулыққа пайдалы бағыттармен таза ауада серуендеу.
Кешенді тәсілдің арқасында ағзаның әртүрлі зақымданған қызметтеріне бір мезгілде әсер ету мүмкін болады. Нәтижесінде бірнеше аптадан соң науқастардың қимылдары сенімді бола бастайды, сөйлеуі жақсарады, күш-қуаты артады.
— Инсульттен кейін өмір бітпейді, — дейді реабилитолог-дәрігер Аяулым Скакова. — Дұрыс оңалту шаралары арқылы адам қайтадан белсенді болып, қоғаммен араласып, өмірден қуаныш таба алады. Ең бастысы — оңалтуды кешіктірмей бастау және мамандарға сенім арту.
Толығырақ сілтеме арқылы оқыңыз https://qonaevtv.kz/