Басты бет"Қарлығаш" балабақшасында халықаралық іс-шара өтті

"Қарлығаш" балабақшасында халықаралық іс-шара өтті

"Қарлығаш" балабақшасында халықаралық іс-шара өтті "Қарлығаш" балабақшасында халықаралық іс-шара өтті "Қарлығаш" балабақшасында халықаралық іс-шара өтті "Қарлығаш" балабақшасында халықаралық іс-шара өтті "Қарлығаш" балабақшасында халықаралық іс-шара өтті "Қарлығаш" балабақшасында халықаралық іс-шара өтті

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшаларында мектепке дейінгі тәрбиенің заманауи бағыттары мен тәжірибелерімен таныстыруды мақсат еткен Халықаралық білім беру тағылымдамасы өтті.

«Қарлығаш» балабақшасы – құзыреттер орталығы болып табылады және мектепке дейінгі білім беру саласындағы озық тәжірибесімен бөлісіп келеді.

Қатысушылар қатарында – жеке және мемлекеттік балабақша басшылары мен педагогтері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, Ресей Федерациясының білім беру басқару органдарының мамандары, сондай-ақ педагогика ғылымдарының докторы, профессор, бизнес-мектептің негізін қалаушы, мектепке дейінгі білім берудің заманауи технологиялары бойынша кітаптар мен курстардың авторы Л. Ю. Круглова болды.

Іс-шара бағдарламасы ұлттық және заманауи тәсілдерді тоғыстырды:
    •    ұлттық тәрбиенің құндылықтарын бейнелейтін «Текемет» би қойылымы;
    •    балалардың ағылшын тілі бойынша сингапурлық әдістемеге негізделген оқу іс-әрекеттері, жарық пен көлеңкені зерттеу тәжірибесі, жүзу, сонымен авторлық «Бастау» білім беру бағдарламасы негізінде доппен жасалатын қызықты жаттығулар;
    •    қазақи бұйысюм «Тұмар» жасауға арналған шеберлік сағаты, онда қатысушылар
 өз қолдарымен тұмар жасап, оның жасалу үрдісімен танысты.

Халықаралық тәжірибе алмасу ынтымақтастықты нығайтып, мектепке дейінгі білім беруді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.