Елордада ҚР Президенті Іс басқармасы жүйесінің қызметкерлері дәстүрлі спартакиада аясында волейболдан шеберлік байқасты.
Жарысқа Медициналық орталық, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, МТҚБ Автошаруашылығы, Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы, ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы, Автошаруашылық, Инженерлік-техникалық орталық, «Бүркіт» авиакомпаниясы, ҚР Президентінің Телерадиокешені, Іс Басқармасының орталық аппараты коман қатысты.
Ауқымды іс-шараның ашылу салтанатында ҚР ПІБ Бас тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Серік Сыдықов сөз сөйлеп, жарыстың маңыздылығын атап өтті. Ол қатысушыларға ақ жол тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша, Медициналық орталық командасы бас бәйгені жеңіп алды. Екінші орын «Бүркіт» авиакомпаниясы мамандарынан құралған командаға бұйырды. Автошаруашылық ұжымы жүлделі үшінші орынды иеленді.
Шеберлігімен көзге түскен жекелей ойыншылар да назардан тыс қалған жоқ. Амангелді Мейрамбекұлы «Үздік шабуылшы» атанса Мәди Мейрамбай «Үздік плеймейкер» деп танылды.
Ерлер арасында Ерғазы Айнабеков «Үздік ойыншы», нәзік жандылар арасында Ләззат Кузаирова «Үздік ойыншы» атанды.
Жеңімпаз бен жүлдегер командаларға, сондай-ақ шебер ойыншыларға тиісті дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.