2013 жылдың 15 мамырында ҚР Президенті Іс басқармасы Медицина Орталығының «Медициналық технологиялар мен ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ «Төтенше жағдай кезіндегі медициналық шешімдер» атты тақырыпта семинар өткізді.
Оның мақсаты – төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен азаматтарға маңызды әрі қазіргі заманға сай алғашқы жәрдем көрсету.
Аталмыш отырыс спикерлері ретінде Роберт Добсон (Лондон, Ұлыбритания) және Мұрат Есімжанов (Қарағанды, Қазақстан) сынды MRMI (Medicalresponseinmajorincidents) халықаралық нұсқаушылар сөз сөйледі.
Семинар ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы алаңында өтті. Оған Астана қаласы мекемелерінің жетекшілері мен қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ, ҚР Президенті Іс басқармасының Алматы қаласындағы Орталық клиникалық ауруханасының бастауымен телеконференция ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда Еуропада түрлі апаттардың жоспарын модельдеу базасы бойынша MRMI (Medical response in major incidents) курстары кеңінен таралған. MRMI тренингінің орталығы Каролин институты жанындығы Стокгольмде орналасқан. Каролин институтының комитеті физиология және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаттарын таңдайды. MRMI жобасының авторы – Еуропа травматология және жедел хирургия ұйымының төрағасы Стенли Куист.
- Қазіргі заманда денсаулықты сақтау дамыған сайын халық арасындағы қақтығыстар мен апаттарда «осал жері» де жоғарылап бара жатыр,- дейді халықаралық нұсқаушы Мұрат Есімжанов. – Бұл әлемдік тәжірибе халық арасындағы қақтығыстар мен апаттар кезінде жағдайды дұрыс жоспарлағанда ғана денсаулық сақтау жүйесі нәтижесінің айтарлықтай жоғарылайтындығын көрсетеді.
Семинар отырысының тыңдаушыларына MRMI тренингінің жүйесі жайлы, сонымен қатар төтенше жағдай кезінде зардап шегушілерді іріктеу мәселелері мен зақымданған адамдар көп мөлшерде түскен кездегі хирургиялық әдістер туралы баяндалды.
Отырыс соңында қатысушыларға сертификат табысталды.