«Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК ағымдағы жылдың 4 мамырында кәсіпорынның 20-жылдығына арналған салтанатты іс-шара атап өтті.
Іс-шараны тойлау барысы кәсіпорынның құрылу тарихымен танысудан басталды.
Осындай атаулы күнді атап өтуге арнайы ұйымдастырылған қабылдауға ҚР Президенті Іс басқармасы мемлекеттік мекемелерінің басшылары, Қазақстан Республикасының Сенаты, Мәжілісі, ҚР Парламентінің Шаруашылық басқармасы басшылары, сонымен қатар ардагерлер мен кәсіпорынның бұрынғы басшылары қатысты.
Іс-шара қонақтары өз құттықтау сөздерінде Кәсіпорынның Парламент жұмысының атқарылуына жағдай жасап, кәсіпорын қызметкерлерінің Трансазиат Парламенттік форумы, Тәуелсіз мемлекеттердің достастығы елдерінің жетінші саммиті, ТМД ПАА 20-жылдығы, Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының IV съезі және тағы да басқа іс-шаралар сияқты маңызды іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарына белсенді қатысып, күнделікті қосқан үлестері туралы атап өтті.
Сондай-ақ, іс-шара қонақтары ұжымның атына естелік сыйлықтар, алғыс хаттар, грамоталар ұсынып кәсіпорынның қызметкерлерін 20-жылдық мерей тойымен құттықтай отырып, ұжымға Отанымыз - Қазақстан Республикасының дамып гулденуі мен алдағы табыстарға жету жолында күрделі міндеттерді атқаруда әрдайым бірлігі жарасқан команда болып қалуын тіледі.