Басты бетПрезиденттік орталықта «Таза Қазақстан» республикалық акциясына байланысты өткізілген «Экология...

Президенттік орталықта «Таза Қазақстан» республикалық акциясына байланысты өткізілген «Экология қазақстандықтардың көзімен» зерттеуінің қорытындылары таныстырылды

Президенттік орталықта «Таза Қазақстан» республикалық акциясына  байланысты өткізілген «Экология қазақстандықтардың көзімен»  зерттеуінің қорытындылары таныстырылды Президенттік орталықта «Таза Қазақстан» республикалық акциясына  байланысты өткізілген «Экология қазақстандықтардың көзімен»  зерттеуінің қорытындылары таныстырылды Президенттік орталықта «Таза Қазақстан» республикалық акциясына  байланысты өткізілген «Экология қазақстандықтардың көзімен»  зерттеуінің қорытындылары таныстырылды Президенттік орталықта «Таза Қазақстан» республикалық акциясына  байланысты өткізілген «Экология қазақстандықтардың көзімен»  зерттеуінің қорытындылары таныстырылды Президенттік орталықта «Таза Қазақстан» республикалық акциясына  байланысты өткізілген «Экология қазақстандықтардың көзімен»  зерттеуінің қорытындылары таныстырылды Президенттік орталықта «Таза Қазақстан» республикалық акциясына  байланысты өткізілген «Экология қазақстандықтардың көзімен»  зерттеуінің қорытындылары таныстырылды

ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Таза Қазақстан» республикалық акциясына және Таза ауа күніне орай, сондай-ақ БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы Тараптарының 30-шы конференциясы қарсаңында «Қазақстандықтардың экологияға көзқарасы» зерттеу нәтижелерінің таныстырылымы және «Климат: кері есеп» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) бірлесіп ұйымдастырылды. Шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, шетелдік дипломатиялық миссиялардың мүшелері, БАҚ өкілдері, сарапшылар қауымдастығы, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатарынан шамамен 60 адам қатысты.

Зерттеу нәтижелерінің таныстырылымы аясында Президенттік орталық директорының орынбасары Серік Сыдықов, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа, Бразилия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марсель Биато және ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев өз ой-пікірлерін білдірді.

«Климат: кері есеп» конкурсына шамамен 50 жұмыс келіп түсті. Қазылар алқасының іріктеуінен кейін марапаттау рәсімінде қазақстандық баспасөз журналистерінің климаттың өзгеруі мен биологиялық әртүрліліктің жойылу салдары туралы қоғамның хабардар болуын арттыруға қосқан үлесін көрсететін үздік жұмыстар ұсынылды. Сонымен қатар, Қазақстанда осы салдардың алдын алу және оларды жұмсарту мүмкіндіктері де қарастырылды.

Айта кету керек, бұл жоба Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық акциясымен үндес. Ол мемлекет пен қоғамның күш-жігерін экологиялық күн тәртібін жүзеге асыруға және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге біріктіруге бағытталған. Сонымен қатар, жоба климат тақырыбын жариялауда БАҚ-тың маңызды рөлін, экологиялық сананы қалыптастырудағы және қоғамды климатқа төзімді болашаққа өтуге ынталандырудағы маңызын айқындайды.

Іс-шара соңында конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Атап айтқанда, «Климат» номинациясы бойынша:

I орын – Оразай Қыдырбаев,

II орын – Жадра Жұлмұхамбетова мен Әнел Өсерхан,

III орын – Жанат Тұқпиев пен Динара Насыр иеленді. «Биоалуантүрлілік» номинациясының жеңімпазы болып Бекзат Айтжан атанды.