Қимыл-қозғалыстың баяулауы, қадамның қысқаруы, сөйлеудің бәсеңдеуі мен мимиканың азаюы – бұлар тек қартайған шақтағы табиғи өзгерістер емес, Паркинсон ауруының алғашқы белгілері болуы мүмкін. ҚР ПІБ ауруханасының невролог-паркинсонолог дәрігері Давлат Марипов BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында бұл дерттің себептері, алғашқы белгілері мен заманауи емдеу тәсілдері туралы айтып берді.
Жүйке жүйесінің созылмалы дертінің таралуы жыл сайын артып келеді. Әлем бойынша әрбір 100 мың адамның 120-150-і осы сырқатқа шалдығады. Қазақстанда да науқастар саны соңғы он жылда айтарлықтай көбейген.
Давлат Марипов:
-Паркинсон ауруы – бұл жүйке жүйесінің баяу дамитын, созылмалы дерті. Оның себебі – мидағы арнайы жасушалардың зақымдануы, соның салдарынан қозғалысты, көңіл-күйді басқаратын допамин деген зат азаяды. Көпшілік қолдың дірілін елестетеді, бірақ бұл ауру тек діріл ғана емес. Паркинсон ауруы кезінде: - қимыл баяулап, адамға кунделікті іс-әрекетті жасау қиындайды; қол-аяқтағы сіресу (қатайып қалу ) болады; жүрісі өзгеріп, қадамдары қысқарады; дауыс бәсеңдеп, мимика азаяды,- дейді.
Яғни бұл – тек қана қолдың дірілдеуі ғана емес, одан басқа адамның қозғалысын, тепе-теңдігін, кейде көңіл күйін де өзгертетін жүйке жүйесінің ауруы.
Аурудың негізгі себептері қандай? Генетика рөлі қаншалықты маңызды? Паркинсон ауруы жастарда да пайда болуы мүмкін бе? Дәрілік емдеу қаншалықты тиімді? Бұл салардардың жауабы сұхбаттың толық нұсқасында берілген. https://baq.kz/