Президент телерадиокешені «Jibek Joly» телеарнасының халықаралық Silk Way Star музыкалық жобасының түсірілімдері қарқынды жүріп жатыр. Байқаудың қазылар алқасының құрамына жаңа есімдер қосылды. Шоу сарапшыларының қатарына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, аңызға айналған «МузАРТ» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев пен танымал оңтүстіккореялық композитор, әйгілі дорамалардың саундтректерінің авторы Чон Сон Мин енді.
Қазылардың айтуынша, бұл жоба тек әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылардың талантын ашып қана қоймай, Қазақстанның халықаралық іс-шаралар орталығы ретіндегі беделін де нығайта түспек.
Сәкен Майғазиев:
-Бұл жоба бізге ауадай қажет, туризмге, ел экономикасына тікелей оң әсер етеді. Бұл шоу – біздің әлеуетімізді, мүмкіндігімізді және мәдениетімізді көрсетуге бірегей мүмкіндік береді, – деп атап өтті.
Ал Чон Сон Мин үшін мұндай халықаралық форматтағы байқауға қатысу жаңа тәжірибе болған.
-Маған түрлі елдер мен мәдениеттердің әртістерін бағалау қажет. Мен үшін бастысы – вокал мен перформанс. Бірақ егер өнері жанымды толқытса, қосымша балл қоямын,– деді ол.
Толығырақ https://www.youtube.com/