Басты бетТәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі өтіп жатыр

Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі өтіп жатыр

Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі өтіп жатыр

17 қыркүйекте елордадағы Тәуелсіздік сарайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі ашылды.

Форумға әлемнің 60 елінен 700-ден астам қатысушы жиналды. Олардың қатарында ірі әлемдік діндердің өкілдері, халықаралық ұйымдар мен рухани орталықтардың жетекшілері бар.

Алқалы жиын аясында рухани құндылықтарды нығайту, конфессияаралық диалогты дамыту, экстремизм мен радикализмге қарсы іс-қимыл, сондай-ақ қоғамның тұрақты дамуына әйелдердің қосқан үлесі және басқа да мәселелер қарастырылуда.

Елордаға келген мәртебелі меймандар қатарында Рим Папасы Франциск, әл-Азхардың Жоғарғы имамы Ахмед ат-Тайеб, Иерусалим Патриархы III Феофил, Израильдің бас раввиндері және басқа да беделді діни көшбасшылар бар.

Сондай-ақ бүгін, 18 қыркүйекте, съезд аясында Діни жас көшбасшылардың II форумы және әлемнің жетекші университеттерінің ғалымдары қатысатын сараптамалық дөңгелек үстел өтуде.

Толығырақ https://www.zakon.kz/