




Үйдегі жайлы өмірге үйренген бүлдіршін үшін уақыты келгенде ерте тұрып, балабақшаға бару оңайға түспейді. Ол кішкентай ағза үшін әжептәуір стресс болуы мүмкін. Бұл процесс оңай өтуі үшін ата-ана не істегені жөн. «Қарлығаш» мамандары ұсынған лайфхак Zakon.kz порталында жарияланды.
Педагогтердің айтуынша, баланың таңертең ерте тұруы, түскі ұйқысы, тамақтану уақыты – бәрі күнделікті бір режимде болғаны жөн. Үйдегі және бақшадағы тәртіп сәйкес келсе, бала өзін сенімді әрі жайлы сезінеді.
«Қарлығаш» психологы Марина Полищукова:
-Тағы бір назар аударатын нәрсе – қасықпен тамақ ішу, киіну, дәретханаға бару сынды баланың өзін-өзі күту дағдылары. Бұл тек тұрмыстық әдет қана емес, өзіне деген сенімнің негізі. Бала неғұрлым көп нәрсені өзі істей алса, тәрбиешінің назары бірнеше балаға бөлінетін ортаға соғұрлым тез бейімделеді, - дейді.
Психологтың айтуынша, балаға балабақша туралы әңгіме айтып, мультфильмдер көріп, бақшаға баратын кейіпкерлер туралы кітап оқу пайдалы. Мұндай қарапайым тәсілдер балада жаңа ортаға оң көзқарас қалыптастырады.
Маман кеңестерін толығырақ мына сілтеме арқылы оқуға болады https://www.zakon.kz/