Басты бетДирекцияның кітапхана секторы әкімшілік ғимараты «Үкімет Үйіндегі» кітапхананың оқу залында 1 Мам...

Дирекцияның кітапхана секторы әкімшілік ғимараты «Үкімет Үйіндегі» кітапхананың оқу залында 1 Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күніне орайластырылған «Бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Адамның рухани болмысы үшін өнер, кескіндеме, әдебиет аса маңызды рөл атқарады. Дирекцияның кітапхана секторы Қазақстан Республикасы Президенті  Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараты «Үкімет Үйіндегі» кітапхананың оқу залында 1 Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күніне орайластырылған «Бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге Досмұхамед Кішібековтың «Национальная идея», Ақмарал Арыстанбекованың «Объединенные нации и Казахстан», Сағынбек Тұрсыновтың «Казахстан: рывок в будущее», Леонид Бакаевтың «Национальная безопасность Республики Казахстан» кітаптарымен қатар басқа да танымал жазушылардың еңбектері қойылды.