Басты бетХалық денсаулығы жолында қалтарыста жүрген күрескерлер

Халық денсаулығы жолында қалтарыста жүрген күрескерлер

Халық денсаулығы жолында қалтарыста жүрген күрескерлер Халық денсаулығы жолында қалтарыста жүрген күрескерлер Халық денсаулығы жолында қалтарыста жүрген күрескерлер Халық денсаулығы жолында қалтарыста жүрген күрескерлер

Биыл алғаш рет 15 қыркүйекте Қазақстанда алғаш рет санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының күні атап өтіліп жатыр. Кәсіби мерекеге орай, ҚР Медициналық орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының басшысы, 25 жылдық еңбек өтілі бар белгілі  дәрігер-эпидемиолог Сауле Шәріпова Kazinform тілшісіне сұхбат берді. 

— Бұл біз үшін өте маңызды әрі көптен күткен оқиға. Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда біз алғаш рет өз мамандығымызға арналған ресми күнге ие болдық. Бұл – жиі көзге көрінбейтін еңбегіміздің мойындалуы. Бұл күні біз пандемия кезеңін, түрлі індеттерді, улану оқиғаларын зерттеуді, азық-түлік пен тауарлардың қауіпсіздігін бақылауды еске аламыз, мұның бәрі адамдардың денсаулығын күн сайын қорғауға бағытталған, бірақ көпшіліктің көзіне көрінбейтін ауыр жұмыс, - дейді Сәуле Шәріпова.

Тілші сауалына жауап берген ол өзі басқаратын іргелі мекеменің жұмыс барысынат тоқталды. Қазіргі таңда орталықтың жауапкершілік аумағы кең: тамақ өнімдерінің, тұрмыстық тауарлардың, косметиканың, жиһаз бен ыдыстың қауіпсіздігі; жердің радиациялық қауіпсіздігі; ауыз су мен ауаның сапасы – мұның бәрі халық денсаулығына тікелей әсер етеді.

-Біздің орталық – елдегі бірегей мекеме, Президент Іс басқармасы жүйесіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Халықаралық тренинг орталығы мен KazToxBase токсикологиялық ақпарат орталығының ашылуы – маңызды қадам. TOXBASE (Ұлыбритания) базасына тәулік бойы қолжетімділік берілді, бұл улануларды алдын алу мен емдеуде әлемдік тәжірибеге қосылуға мүмкіндік берді, - деген ол кейінгі жылдардағы жетістіктіктерге тоқталып өтті. 

Атап айтар болсақ:
-Орталықтың TOXBASE базасына еліміздің токсикологтарын қосты;
-Тоғыз мемлекеттік органға бизнес-процестерді ұйымдастыру бойынша кеңес берді;
-Қарағанды мен Шымкентте тәулік бойы қолжетімді токсикологиялық орталықтар ашты.


Сұхбаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады https://www.inform.kz/