Басты бетJibek Joly / Silk Way: Жаңа телемаусымдағы жарқын жобаларды таныстырды

Jibek Joly / Silk Way: Жаңа телемаусымдағы жарқын жобаларды таныстырды

Jibek Joly / Silk Way: Жаңа телемаусымдағы жарқын жобаларды таныстырды

Президент телерадиокешеніне қарасты Jibek Joly және Silk Way арналары жаңа саусымдағы жарқын жобаларын жұртшылыққа таныстырды. Бұл туралы Kazinform хабарлады. 

Көптен күткен премьералардың бірі «Silk Way Star» халықаралық музыкалық жоба алғаш рет жыл оқиғасына айналып отыр. Ұлы Жібек жолының бойындағы 12 мемлекеттің таланттарын бір сахнада біріктірген шоу премьерасын жұртшылық 20-қыркүйекте тамашалайды. 

Сонымен қатар жаңа маусымда реалити-шоулар, сараптамалық салмақты бағдарламалар мен еңбек адамдары жайлы бірегей жобалар ұсынылады. «Ең мықты» — жұмысшы мамандықтар жылы аясында түсірілген реалити-шоуы  құрылысшы, дәнекерлеуші, механик сынды қарапайым еңбек адамдары арқылы еңбекке деген құрметті дәріптеуге арналған. 

 «Кеш емес» — сан түрлі тағдырды бастан кешірген нәзік жандылар жайлы бағдарлама. Олар сахнаға шығып, аяқсыз қалған армандарын жүзеге асырады. Әрбірінің өнері — әйел затының жігері, таланты мен сұлулығын танытады.

 «Life of a diplomat» жобасында халықаралық аудитория алғаш рет қазақстандық дипломатиялық қызметтің қыр-сырымен танысады. Бұл — үлкен саясат шымылдығы артындағы «құпиялармен» танысуға жол ашатын сирек мүмкіндік.

Бұдан бөлек, «Бүгін.Live», «Большая дипломатия, «Правда в деталях», «Жаһан жайы» сынды қоғамдық-саяси тақырыптағы маңызды жобалар жұртшылыққа ұсынылмақ. 
Jibek Joly / Silk Way арналарының жаңа маусыпмдағы жаңалықтары туралы мына сілтеме арқылы білуге болады. https://kaz.inform.kz/