Басты бетФизиотерапия – халықтың ең көп сұранысына ие бөлімшелердің бірі

Физиотерапия – халықтың ең көп сұранысына ие бөлімшелердің бірі

Физиотерапия – халықтың ең көп сұранысына ие бөлімшелердің бірі

Қыркүйектің алғашқы онкүндігінде әлемде Физиотерапевт күні аталып өтеді. Бұл – науқастарға еш жерін ауыртпай, күрделі ем жасамай-ақ, сауығуға көмектесетін мамандар. kazpravda.kz порталында атаулы мерекеге орай  қызықты материал жарық көрді.  

Ежелден адамдар таза ауаның, күн мен судың ағзаға пайдалы екенін жақсы білген. Физиотерапия соның заманауи озық түрі десек артық емес. Атап айтқанда, ол электрмен емдеу, жарық терапиясы, ультрадыбыс, механотерапия және соққы толқынды терапия сынды ондаған әдісті біріктіреді.  Бұл – ауырсынуды жеңілдетудің, оңалтуды жеделдетудің және өмір сапасын қалпына келтірудің тиімді әрі нәзік тәсілдерінің тұтас арсеналы. 

«Физиотерапевт болмаса, науқастар толыққанды қалпына келе алмас еді. Біздің емшараларымыздан кейін ауырсыну басылады, сол кезде оның пайдасына ешкім күмәнданбайды», – дейді Ұлттық госпитальдің физиотерапия және оңалту бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Райхан Досжанова.

Ұлттық госпитальдегі физиотерапия бөлімшесі – ең көп сұранысқа ие бөлімдердің бірі. Пациенттер мұнда қабылдау бөлімінен-ақ жазылады. Бөлімге дәрігерлері мен мейірбикелері ондаған жылдар бойы еңбек етіп, мамандыққа адалдығын сақтап, сенім мен қамқорлық атмосферасын қалыптастырып келеді.

Физиотерапияның тиімділіктері мен мамандардың жұмысы туралы қызықты материалды мына сілтеме арқылы толық оқуға болады.https://kazpravda.kz