Басты бетПрезиденттік орталықта Жолдауды талқылауға арналған сарапшылық басқосу өтті

Президенттік орталықта Жолдауды талқылауға арналған сарапшылық басқосу өтті

Президенттік орталықта Жолдауды талқылауға арналған сарапшылық басқосу өтті Президенттік орталықта Жолдауды талқылауға арналған сарапшылық басқосу өтті Президенттік орталықта Жолдауды талқылауға арналған сарапшылық басқосу өтті

ҚР ПІБ Президенттік орталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған сараптамалық кездесу өтті. Бұл туралы baq.kz хабарлады. 

Жолдауының негізгі тұстарын қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері тұрғысынан талдауға арналған іс-шараға Парламент депутаттары, саяси партиялар өкілдері, ғылыми қауымдастық, даму институттары мен азаматтық қоғам өкілдері, сондай-ақ жетекші қазақстандық сарапшылар қатарынан шамамен 70 адам қатысты.

Жиында Президенттік орталық директоры Бақытжан Темірболат, Қырғыз Республикасының Қазақстадағы Елшілігінің кеңесшісі Әлім Тоқтомамбетов, Мәжіліс депутаттары Ажар Сағандықова мен Екатерина Смолякова, Еуразиялық интеграция институтының ғылыми-теориялық талдау және әдіснамалық қамтамасыз ету департаментінің басшысы Арман Ешмұратов баяндама жасады.

Сондай-ақ, Президенттік орталық директорының орынбасары Мариян Әбішева, «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты мен Мемлекет тарихы институтының өкілдері де өз пікірлерін білдірді.


Алқалы жиын туралы толығырақ мына сілтемеде https://rus.baq.kz/