
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған саяси реформалар бойынша ҚР ПІБ Парламентаризм институты Жеке заңнама орталығының басшысы Юлия Костяная 24.kz телеарнасына сұхбат берді.
Сарапшы бұл реформалардың қажеттілігін атап өтіп, технологиялар мен жасанды интеллект қарқынды дамып келе жатқан кезеңде мемлекеттік институттар барынша икемді әрі тиімді болуы тиіс екенін жеткізді. Ол әлем парламенттерінің шамамен 60%-ы бір палаталы екенін, мұндай құрылым унитарлық мемлекеттерге тән екенін атап өтті. Ал қос палаталы парламенттер көбіне федеративтік республикаларда кездеседі.
Сарапшының айтуынша, 2027 жылға дейін бір палаталы жүйеге көшу мүмкіндігін зерделеу бойынша зерттеу жүргізіледі. Қорытынды шешім референдумға шығарылуы ықтимал.
Ю.Костянаяның пікірінше, реформаның негізгі артықшылығы – заң шығару рәсімдерін жеделдету.
-Бүгінде Сенат заңдарды Мәжіліске қайтара алады, бұл процесті ұзартады. Ал бір палаталы парламентте қарастыру жылдамырақ болады. Сонымен қатар, бұл саяси құрылымды жеңілдетіп, азаматтардың билікке деген сенімін арттырады, - деді ол.
Мысал ретінде ол Швеция, Финляндия және Норвегиядағы бір палаталы парламенттердің табысты жұмысын келтірді.
Толық сұхбатты мына сілтеме арқылы көруге болады youtube.com/