ҚР Парламенті ШБ-ның Инженерлік орталығы Сенатының аппараттық кеңесінде Сенат Аппараты басшылары мен бөлім меңгерушілері алдында «Электронды Парламент құрұ» жобасының тұсауы кесілді.
2012 жылы ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасы "Қазақстан Республикасының электрондық Парламенті" атты ауқымды ақпараттық жобаны іске асыруды бастады. Аталмыш жоба Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығарушылық қызметті ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу арқылы жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге қажетті ақпаратты жедел алуға және халықаралық заңнамалық базаларға кіруге қолжетімділік мүмкіндігін туғызады.