



Мектепке дейінгі кезең – бала дамуының ең маңызды сатысы. Дәл осы жаста сөйлеу, ойлау, есте сақтау, қиялдау және қарым-қатынас дағдылары қалыптасады. ҚР ПІБ Медорталығы «Қарлығаш» балабақшасының дефектологы Ақерке Жолдасованың айтуынша, балабақша – жай ғана бала бағатын жер емес, әлеуметтенудің алғашқы мектебі.
Мұнда бала қарым-қатынас жасауды, жауапкершілікті сезінуді, шығармашылықты және өз-өзіне қызмет етуді үйренеді. Бұл ретте педагогтардың, дәрігерлер мен ата-аналардың бірлескен жұмысы маңызды рөл атқарады. Осындай тәсіл баланың даму ерекшеліктерін дер кезінде байқап, әр бүлдіршінге қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Инклюзияға да ерекше көңіл бөлінеді: ерекше қажеттіліктері бар балалар құрдастарымен бірге тәрбиеленіп, мамандар олардың мүмкіндіктерін ашуға жәрдемдеседі.
Маман ата-аналарға бейімделу кезеңінен қорықпауға кеңес береді: баланы дербестікке дайындап, жағымды көңіл күйге бейімдеу және тәрбиешілермен ынтымақтаса жұмыс істеу маңызды. Сарапшы атап өткендей, обасының қолдауы бүлдіршіннің жетістіктерінде шешуші рөл атқарады.
Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз https://el.kz/