Басты бет«Нұр Отан» ХДП «Бірлік» филиалы Халықаралық Денсаулық күніне арналған акция ұйымдастырды

«Нұр Отан» ХДП «Бірлік» филиалы Халықаралық Денсаулық күніне арналған акция ұйымдастырды

7 сәуір – Халықаралық денсаулық күні, 1948 жылдың дәл осы күні Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы (ХДҰ) құрылды. Жыл сайын осы күн үшін әлемдегі денсаулық сақтау мәселелері туралы тақырып таңдалып алынады. Ал осы жылы таңдалған тақырып – гипертония ауруы.

2013 жылғы 5 сәуірде күні  «Нұр Отан» ХДП-ның «Бірлік» филиалы  Қазақстан Республикасы Президенті  Іс Басқармасының Ауруханасымен бірігіп, Бүкіләлемдік денсаулық күні аясында акция ұйымдастырды.  Акция барысында  келушілер  қалаулары бойынша  қан қысымын өлшеуге, ауру жөнінде алдын алу сипаттындағы ұсынымдар жазылған ақпараттық парақшалармен танысуға  мүмкіндік алды.

Бұл акция сауда үйлері,  банк мекемелері және  Қазақстан Республикасы Президенті  Іс Басқармасының Ауруханасында өткізіледі.

Акцияның мақсаты – республика азаматтары денсаулығын сақтандыру және инсульт, инфаркт сияқты артериялық гипертонияның асқынуы туралы ақпаратпен халықты құлақтандыру.

-Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтты «профилактикалық медицина ауруды ескертудегі басты құрал болып табылады және халық арасында ақпараттық-түсіндіру  жұмыстарын күшейту керек». Сондай-ақ, бұл бағыт «Бірлік» филиалы қызметі басымдығының бірі екендігін, - атап өтті «Бірлік» филиалының төрағасының бірінші орынбасары  Алия Қайшарова. - Бұл акция бір ғана емес, алдағы уақытта да өткізілетін болады.               

Гипертония – қан қысымының жоғарылауы – инфаркт, инсульт және бүйрек ақауларының асқынуына алып келеді.Гипертония ауры бақыланбаған жағдайда, ауру көздің көрмей қалуы мен жүрек ақауларын тудырады. Аурудың асқыну қаупі диабет секілді басқа да жүрек-қантамырлар факторларының пайда болуынан артады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, артериялық гипертензия - жүрек-қантамыр жүйесі ауруының кең таралған түрі.

- Медицина бірлестіктерінің дәл осы патологияға баса назар аударуы кездейсоқ емес. Жыл сайын артериялық гипертонияның асқынуынан 7 миллион адам қайтыс болады. Бұл көрсеткіш жыл сайын жоғарылауда, - дейді ҚР Президенті Іс басқармасы медицина орталығының бастығы, профессор Валерий Бенберин. - Ресми деректер бойынша, Қазақстанда алғаш анықталған артериялық гипертония ауруларына шалдыққандар көлемі 2010 жылы 100 000 халыққа шаққанда 918- ді құрады, ал 2011 жылы аталмыш көрсеткіш 100 000 адамға шаққанда 1014-ке өсті.