Басты бетJibek Joly телеарнасында «Апорт» атты деректі фильм көрсетілді

Jibek Joly телеарнасында «Апорт» атты деректі фильм көрсетілді

Jibek Joly телеарнасында «Апорт» атты деректі фильм көрсетілді

Жуырда Президент Телерадиокешені түсірген «Апорт» атты қысқа метражды деректі фильм көрерменге жол тартты. Бұл туралы Телерадиокешеннің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында хабарлама жарияланды.

-Бұл фильм – апорт жемісін туған жерге қайтарған адамдар туралы. Онда алманың тарихы, ұлттық мақтанышымыз жайлы баяндалады, - делінген хабарламада.

Әсем Алматының символы саналатын алма жемісінің тарихынан бастап көптеген деректер қамтылған телетуынды Jibek Joly арнасынан көрсетілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, елімізде алма бақтары қайта жаңғырып, апорт плантациялары бой көтеріп жатқанын атап өткен жөн. Жүйелі жұмыстың арқасында алманың ерекше сұрыбы өсірілетін тәлімбақтар салынып, бау-бақшалар көбейіп келеді. Тың телетуындыны мына сілтеме арқылы көруге болады https://www.youtube.com/