Басты бет«Нұр Әлем» сферасы Silk Way Star жобасына қатысатын елдердің туларының түсімен жарқырады

«Нұр Әлем» сферасы Silk Way Star жобасына қатысатын елдердің туларының түсімен жарқырады

«Нұр Әлем» сферасы Silk Way Star жобасына қатысатын елдердің туларының түсімен жарқырады

Елордадағы ЭКСПО қалашығында орналасқан «Нұр Әлем» сферасы Silk Way Star музыкалық жобасына қатысушы мемлекеттердің туларының түсіне еніп, жарықпен көмкерілді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

EXPO нысанының проекциялық жарығы байқаудың фирмалық стилінде безендіріліп, түрлі елдің әншілерін біріктіретін мәдени жобаға ерекше көрік берді.

Silk Way Star – Ұлы Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің дәстүрі мен заманауи үнін танытатын түрлі музыкалық жанрларды қамтитын мәдени платформа ретінде ұсынылады.

Мұндай ауқымдағы алғашқы азиялық вокалдық байқау ҚР Президенті Телерадиокешені мен Қытайдың CMG медиакорпорациясы арасындағы келісім аясында өтуде. Жобаға Қазақстан, Қытай, Әзербайжан, Армения, Грузия, Малайзия, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Оңтүстік Кореядан келген әншілер қатысып жатыр.

Толығырақ https://www.inform.kz/