Басты бетҰлттық госпитальде аритмияны емдейтін бірегей операциялар жасалды

Ұлттық госпитальде аритмияны емдейтін бірегей операциялар жасалды

Ұлттық госпитальде аритмияны емдейтін бірегей операциялар жасалды Ұлттық госпитальде аритмияны емдейтін бірегей операциялар жасалды

Ұлттық госпитальде Жібек жолы елдерінің Жүрек ырғағы қоғамының төрағасы, белгілі грузин аритмологы әрі кардиологы Роин Рекваваның жетекшілігімен бірегей операциялар жасалды.

Алтын қолды оташы екі күн бойы ол аурухананың мамандарымен бірге криоабляция, аритмияның радиожиілікті абляциясы, жүрекішілік электрофизиологиялық зерттеу және аортокоронарлық шунттау жүргізді.

Бұл жоғары технологиялық, аз инвазивті араласулар жүрек соғысын кеудені ашпай әрі қан жоғалтпай қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Әлемдік статистикаға сәйкес, аритмиямен халықтың 3–5%-ы ауырады, кей жағдайда ол кенеттен өлімге соқтыруы ықтимал.

Хирург Рекваваның айтуынша, заманауи әдістер арқылы аритмияның себебін шап веналары арқылы жоюға болады, ал операциядан кейін пациенттерге міндетті түрде оңалту кезеңі мен өмір салтын түзету қажет.

Толығырақ сілтеме арқылы оқуға болады. https://yvision.kz/